$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2019, 10:17
Оқиғалар

Шымкентте ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салды

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қантөгіске отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған

Шымкентте ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды. Пышақталған ерлі-зайыптылар түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Полицияның дерегінше жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Ал бұған сенбейміз деген ер азаматтың туыстары жанжалға 70 мың теңгенің жоғалуы себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

«Оқыс оқиға көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы мына пәтерде қанды қылмыс кеше түс ауа болыпты. Нұрсәт шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған қылмыстың ізі әлі сайрап жатыр. Терезеге жағылған қан дақтары әлі жуылып үлгермепті. Оқиға куәгерлерінің сөзінше қанға боялған келіншек терезеден сыртқа секіріп кетіпті. Көршілерді үлкен қызы көмекке шақырыпты», - дейді телеарна тілшісі.

Қансыраған ерлі-зайыптылар қазір ауруханада. Дәрігерлер 38 жастағы келіншектің денесіне оншақты жерден түскен пышақ жарақатының орнын тіккен. Оның жағдайы бірқалыпты деп отыр. Ал оның 48 жастағы күйеуіне операция жасауға тура келген. Жансақтау бөліміне жатқызылған ер азаматтың хәлі ауыр.

«Түскен кездегі диагнозы көптеген мойын аймағының жарақаты, яғни бұл жерде қалқанша безі және де трахеяның зақымдануымен келіп түсті. Түскен кездегі осы ота бөліміне жатқызылып, сразу бірінші тиісті ота жасалынды. 55. Операциясында яғни қалқанша безінің қанау қан тамырларын тоқтатып жасалды және екінші трахеяға трахестонический түтікше қойылды», - дейді Шымкент қ. № 1 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тайбек Садықов.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қантөгіске отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп.

«Жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар да тағайындалды», - деді Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.

Алайда өз әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салды деген азаматттың ет жақындары бауырлары мұндай қатігездікке барды дегенге сенгісі жоқ. Олар мұны үшінші бір адам жасады деген ойда. Туыстарының білуінше сол күні ішкілік қойылған дастархан басында бірнеше адам болған көрінеді.

Ерлі-зайыптының азаматтық некеден қыздары бар. Ал туыстарының айтутынша, жанжал 70 мың теңгенің жоғалуынан басталған.

«Жеңгем 70 мың ақша жоқ деп осы жанжалды көтеріп отыр. Үйімде ақша ұрланды деп жанжал көтерген жеңгем боп отыр бұл жерде. Мен жеңгем істеді деп отырмын, ашу үстінде барлық нәрсе болады»,- дейді ер адамның туысы Әлия Әбжаппарова.

Қанды қылмыстың нақты себебі тергеу барысында мәлім болмақ. Әзірге ауруханада жатқандардың өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

Серіктес жаңалықтары