Өскеменде 34 жастағы әйел жоғалып кетті

Елена Мазитова 9 тамыздан бері табылған жоқ

 

18 тамыз күні полицияға облыс орталығының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, әпкесі Елена Мазитова 9 тамыздан бастап із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жұмыстан кейін үйге оралған тұрғын әпкесінің үйде жоқ екенін білген. Сондан бері қайтып оралмапты.

Сондай-ақ, туысы Елена Мазитова ПНД-де есепте тұрғанын және оны адасып кетуі де мүмкін екенін айтты.

«Елена Мазитованың бойы 165-170 сантиметр, беліне дейін жететін ұзын, қара шашты, қоңыр көзді. Жоғалған күні ұзын жеңде қара жемпір, ашық-қоңыр белдігі бар көк джинсы және қара қысқа етік киген», - деді Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметі.

Егер Еленаның қайда екенін білетін немесе оны көрген адам болса 8-771-466-54-38 немесе 102 жедел арнасына хабарлай алады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.