Павлодарда 12 жасар бала суға батып кетті
Құтқарушылар мен еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізуде

Құтқарушылар мен еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Оқиға туралы хабар жедел әрекет ету басқармасынан 19 тамыз күні сағат 00:10-да түскен.
Белгілі болғандай, кеше 12 жасар ұл бала үйінен достарымен қыдыруға шыққан және қайтып оралмаған.
«Орталық жағалау тұсында сағат 14:30 шамасында шомылуға арналған орында шомылып жүріп, 2009 жылы туған бала батып кетті. Сағат 22:00 шамасында ата-анасы полицияға хабарласты», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
«VITA» іздеу жасағының мәлімдеуінше, достары қорыққаннан үлкендерге болған жәйт туралы бірден айтпаған.
Еріктілерге іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қайық керек. Көмек қолын созғысы келетіндерге + 7 747 615 55 63 нөмірі арқылы хабарласуды сұрайды.