Мәскеу маңында әскери ұшақ құлады: экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапты
Ұшақта үш адам болған
Ресейде «Кубинка» аэродромынан ұшып шыққан Ил-112В ұшағы Никольское ауылы маңында апатқа ұшырады.
Біріккен авиация корпорациясының мәліметінше, «Кубинка» аэродромынан Жуковскийге бағыт алған Ил-112В жеңіл әскери-көлік ұшағы Никольское ауылы маңында апатқа ұшырап, орман белдеуіне құлаған.
Апатқа ұшыраған Ил-112В экипажында үш адам болған. Ria.ru агенттігінің хабарлауынша, экипаж мүшелерінің бәрі көз жұмған.
«Біз экипаж мүшелері Николай Куимов, Дмитрий Комаров, Николай Хлудеевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. БАҚ құрбандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетеді», - делінген БАК хабарламасында.
Әуе көлігін пайдалану ережесін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға оң жақтағы қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болған.