17.08.2021, 21:54
Оқиғалар
Шымкенттік тұрғынды Instagram арқылы алдап кеткен азамат анықталды
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкентте тұрғынды Instagram арқылы алдап кеткен түркістандық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қаратау аудандық Полиция басқармасының 102 арнасы арқылы Шымкент қаласының тұрғыны көмек сұрап, арызданған. Ол арызында белгісіз тұлға Instagram әлеуметтік желісінде киім-кешек жеткізетіндігін айтып, сеніміне кіріп, 33 602 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін көрсеткен», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды