17.08.2021, 16:48
Оқиғалар
Ақтөбеде үш бала ГАЗель автокөлігін өртеп жіберді
Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартылады
Ақтөбеде үш бала ГАЗель автокөлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 14 тамызында сағат 14.00-де Ақтөбе қаласының “Спецавтобаза-2” Бау-бақша ұжымында ГАЗель (борттық) автокөлігі өртенді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді.
ГАЗельге от қойған 5, 6 және 7 жастағы үш көрші бала болып шықты. Олар автокөлік бортында ойнап, орындықтағы губканы өртеп жіберген. Машина толығымен жанып кетті.
Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартылады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
