$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2021, 16:12
Оқиғалар

Қостанайда екі жұмысшы улы газдан зардап шекті

Зардап шеккен ер адамдар ауруханада жатыр

Қостанайда екі жұмысшы улы газдан зардап шекті

Қостанайда улы газдан уланып қалған екі жұмысшы техникалық құдықтан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 16 тамызында сағат 22:41-та Қостанай облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне төтенше оқиғаның куәгері болған азаматтан қоңырау келіп түсті.

Белгілі болғандай, Қостанайдың сауда кәсіпорындарының бірінің ашық аумағында 1990 және 1991 жылы туған екі жұмысшы ес-түссіз күйде кәріз тазарту құдығынан табылды. Зардап шеккендер құдыққа септикті тазарту үшін түскен.

8 минуттан кейін сағат 22:49-да құтқарушылар оқиға орнына барлық жабдықтармен келіп, сақтандыру арқанының және тиісті тыныс алу аппараттарының көмегімен құдыққа түсті. Ер адамдарды 2-3 метр тереңдіктен жер бетіне шығарып алды. Аммиак пен күкіртсутекпен уланған жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Олардың біріне құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін екеуі де дәрігерлердің қолына берілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр, жағдайлары қанағаттанарлық деп бағалануда. Дәрігерлердің айтуынша, олар жақын арада үйлеріне шығарылады.

Серіктес жаңалықтары