Ақтауда 12 жасар бала жедел жәрдем келгенше көшеде көз жұмды
Алдын ала болжам бойынша, баланың жүрегі тоқтап қалған
Ақтауда 12 жасар бала жедел жәрдем келгенше көшеде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындар көшеде құлап жатқан балаға жедел жәрдем шақырған, алайда көмек жеткенше бала қайтыс болды.
Қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде баланың үшінші шағын ауданда табылғаны және жедел жәрдем көлігінің көмек көрсетуден бас тартқаны туралы жазған.
"Үшінші шағын ауданның көшесінде ер бала көз жұмды. Жедел жәрдемді 40 минут күттік. Содан кейін ата-анасы келмейінше ештеңе істемейміз деді. Ата-анасын қайдан табамыз, баланың жерде жатқанын өтіп бара жатып көрдік. Ал бұлар балаға көмектеспеді", - деп жазды ол.
Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Айралбек Шыршықбаевтың айтуынша, баланың жүрегі жедел жәрдем келгенше тоқтап қалған. Дегенмен фельдшер жарты сағаттай баланы реанимациялауға тырысқан.
"Бригада шақыру түскен соң тоғыз минутта жеткен. Қызметкерлер балана тексеріп, оның жүрегі тоқтап қалғанын анықтады. Соған қарамастан олар 30 минут бойы реанимациялық шараларды жасаған. Өкінішке орай одан нәтижеболмады", - деді ол.
Алдын ала болжам бойынша, баланың жүрегі тоқтап қалған.