$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2021, 15:49
Оқиғалар

Алматыда суицид жасамақ болған әйел құтқарылды

Өзіне қол жұмсамақ болған әйел мас күйінде болған

Алматыда суицид жасамақ болған әйел құтқарылды

Алматының патрульдік полицейлері суицид жасамақ болған әйелді құтқарып алды, деп хабарлайды Polisia.kz. Құтқару іс-шарасы Алматының Бостандық ауданындағы «Керемет» тұрғын үй кешенінің аумағында жүргізілді. 

«Таңғы сағат 06:40-та осы тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірі шу шығарып жатыр деген қоңырау келіп түсті. “Буран-153” экипажының құрамында әріптесім Жалғас Бектұровпен осы мекен-жайға келгенде, пәтер сырттан жабық тұрды, іштен дауыстар естілді, ал адамдар есікті іштен аша алмай жатты», – деді Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Медет Мұсабаев.   

Полицейлер жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінді.  

«Таңертеңгі 7-де біз ұйықтап жатқанбыз, айқай естілді. Әйел айқайлап жатты, секіргісі келді… Полиция келді, алдымен олар біздің терезені ашып, оны құтқары алды», – дейді “Керемет” тұрғын үй кешенінің тұрғыны.   

«Біз пәтердің иесін шақырдық, оның артық кілттері бар еді. Бірақ пәтер иесі келгенге дейін қыз терезені ашып, төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсамақ болды. Ол кондиционерге сүйеніп тұрды. Суицидтің алдын алу үшін біз бесінші қабаттан тартылған жіптен төмен түсуге мәжбүр болдық. Осылайша суицидтің алдын алдық», – деп қорытындылады полицей Мұсабаев.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өзіне қол жұмсамақ болған әйел мас күйінде болған. Себебі мен басқа да жағдайлар іс жүргізу барысында анықталады.   

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #суицид