Екібастұзда абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған қыздың жағдайы ауыр
Қазір қыз соматикалық бөлімде жатыр

Екібастұзда абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған қыздың жағдайы ауыр. Абайсызда уланып қалған сегіз жасар қызды санавиация арқылы тасымалдауға тура келді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«2013 жылы туған пациент 12 тамызда Екібастұз қалалық ауруханасынан "күйдіргіш қышқылдардың уытты әсері" диагнозымен санавиация желісі бойынша түсті. Қазір қыз соматикалық бөлімде. Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Жүрек айнуы мен құсу сияқты белгілер жоқ. Бала өздігінен тамақтана алады. Емдеу хаттамасына сәйкес тексеру тағайындалды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Екібастұзда осыған ұқсас екі оқиға орын алды. Аммиак қышқылымен уланған 41 жастағы ер адам қалалық ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды.