Шымкенттегі мәйітхана алдында кезек пайда болды

Жыл басынан бері қалада 600-ден астам адам тәж вирусының құрбаны болған

Шымкенттегі мәйітхана алдында кезек пайда болды. Күн сайын бақилық болған туысының денесін әкетуге келетіндер көбейіп келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Патологоанатомиялық бюро мамандары мұны растады. Олар әсіресе кейінгі екі аптада коронавирустан көз жұмғандар жиілегенін айтты.  

«Екі ай бұрын айына +60-70 адам болса, қазір бір күнде 25, 30-35 адамға дейін барып жатыр. Солардың 80-90 пайызы тек қана ковидтан қайтыс болғандар. Бір -екі ақ адам ғана инсульттан басқа инфаркттен қайтыс болған адамдар», - деді дәрігер-патологоанатом Марат Тоқтасов.

Айта кетейік, Шымкенттегі мәйітхана Түркістан облысына қарайды. Сондықтан облыс көлеміндегі аруханаларда көз жұмғандарда әуелі осында жеткізіледі.  Мәйіттер мұнда тиісті өңдеуден өткізіліп, арнайы оралып болғасын ғана туыстарына тапсырылады. Шаһардың бас дәрігерінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада 600 -ден астам адам тәж вирусының құрбаны болған. Соның тең жартысы шілдеден бері көз жұмыпты.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.