$ 524.65  552.19  5.14
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.08.2021, 13:33
Оқиғалар

Елордада белгісіз ер адам дүкеннен шыққан әйелдің сәбиін ұрлап кетпек болған

Көп ұзамай қолға түскен күдіктінің есірткіге қатты мас болғаны анықталды

 

Елордада белгісіз ер адамның бесік арбада отырған сәбиді анасынан тартып алып кетпек болған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні Әбікен Бектұров көшесіндегі дүкеннің алдында болған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видекадрлардан белгісіз ер адамның дүкеннен бесік арбамен шығып келе жатқан әйелге қалай жақындағанын, артынша баланы арбадан көтеріп алған сәтін көруге болады. Алайда бейтаныс адам көтеріп алған сәбиіне жармасқан ананың айғайына өзге жүргіншілер көмекке ұмтылады. Сол сәтте ер адам қашып кетеді.

Болған оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаментіы түсініктеме берді.

«Сенбі күні белгісіз біреудің 1,5 жасар баланы ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама түсті. Ананың айғайын естіген өзге жаяу жүргіншілер баланы құтқаруға көмектескен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, көп ұзамай Ақмола облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ұсталған адамның есірткіге қатты мас болғаны анықталды», - делінген ПД хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары