ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Ақтөбе облысында жеті миллион теңге ұрлаған екі қарақшы ұсталды

Олар мемлекетаралық іздеуде болған

Ақтөбе облысында жалдамалы үйден жеті миллион теңге ұрлаған екі қарақшы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпан күні сағат 19:00-де Мәртөк ауданының ПБ кезекші бөлімінің “102” телефонына белгісіз адамдар Мәртөк ауданының Жайсаң кентінде ақша салынған сөмкені алып, Ақтөбе қаласына қарай Daewoo Nexia автокөлігімен кетіп қалғаны туралы қоңырау келіп түсті.

Сол күні сағат 17:00-де төрт белгісіз адам Жайсан кентінде орналасқан жалдамалы үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылық пен қаруды қолдана отырып, ЖШС-нің бірінің үш күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасаған, онда жеті миллион теңге сомасында ақша қаражатын ашық түрде ұрлап кеткен. Одан кейін оқиға орнынан Daewoo Nexia автокөлігімен қашып кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады, ал екеуі қашып үлгерген. Оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Осы жылдың 28 шілдеде іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстады. Күдіктілер Ақтөбе қаласының УҰИ-ға қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.