02.08.2021, 15:27
Оқиғалар
Павлодарда жылу трассасында өрт шықты
Өрт бүгін таңертең Мир және Торайғыров көшелерінің қиылысында болды
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда жылу трассасында өрт шықты. ТЖД мәліметінше, шығын келтірілмеген. Материал номенклатуралық іске жіберілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Өрт 2 тамыз күні таңертең №1 өрт сөндіру бөлімінен екі шақырым жерде Мир және Торайғыров көшелерінің қиылысында болды.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде өрт 30 метр жылу трассасын, 50 шаршы метр құрғақ шөп пен қоқысты шарпып үлгерген.
«Тілсіз жау сағат 11:45-те ауыздықталып, 11:59-да сөндірілді. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеті қызметкері мен екі техника шықты», - деп хабарлады ТЖД.
Көп оқылған
24.05.2026, 06:14
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
24.05.2026, 08:28
«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
24.05.2026, 10:03
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
24.05.2026, 10:35
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
25.05.2026, 01:29
БҚО аспанында онға жуық белгісіз ұшқышсыз аппарат байқалды