Ақмола облысының қос елдімекенінде төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті билік өкілдері табиғи апаттың салдарын жойып үлгере алар емес
Қатты дауылдан зардап шеккен Степногорск қаласының жанындағы Бестөбе және Изобильное ауылдарында төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды «Aqmola News».
Естеріңізге сала кетсек, 25 шілде күні табиғат тосын мінез көрсетіп, дауылдан 38 үй мен әлеуметтік нысандар қираған. Олардың ішіде алтауы мүлдем қатты зақымдалған. Мұнымен қоса дауыл Изобильное ауылындағы 147 абонент 40 бірдей электр желілерінің бағандарын құлатып мен трансформатордың істен шыққан. Салдарынан күні бүгінге дейін бүтін бір ауыл жарықсыз қалған.
Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті билік өкілдері әлі табиғи стихияның салдарын жойып үлгере алар емес. Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметованың айтуынша жоғарыдағы ауылдарда төтенше жағдай жариялау туралы құжаттар министрлікте келісімде жатыр.
Изобильное ауылында жарық мәселесін шешу әлі мүмкін болмай тұр. Үш күннен бері жарықтан мүлдем ажыраған ауылда қазір «Көкшетау Энерго» қызметкерлері жұмыс істеуде.
«Біз дауылдан зардап шеккен адамдарға әкімдікте және мектепте біршама уақыт қоныстануды ұсындық. Қалағандар келіп орналасты. Кейбір адамдар өздерінің туған-туысқандарына біреулері сол үйінде қала беруді жөн тапты. Министрлік әлі құжаттарды қарап жатқандықтан төтенше жағдай ресми түрде жарияланған жоқ», – дейді Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметова.