ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Ақтөбе облысында жол апатынан 9 адам зардап шекті

Автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы алған дене жарақатынан Әйтеке би ауданының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айында Ақтөбе облысы жолдарында 32 ЖКО орын алды, онда жеті адам қаза тауып, 34 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Көбінесе апаттың пайда болуына адам факторы ықпал етеді: ұқыпсыздық, жол ережелерін сақтамау, жеке қауіпсіздікке және басқа қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапсыздық.

Өткен тәулікте, таңғы сағат 07.10-да Қарабұтақ кентінің жанындағы «Самара-Шымкент» автожолының 996 шақырымында Атырау облысының 36 жастағы тұрғыны «Toyota Previa» автокөлігінің жүргізушісі Ырғыз кенті жағынан Қарабұтақ кенті бағытында қозғалып, рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша көлікті оң жаққа аударылып кетуіне жол берген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы алған дене жарақатынан Әйтеке би ауданының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жарақат алған жолаушылардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Белгілі болғандай, аталған адамдар Қазақстан Республикасының аумағына Түркістан облысы Сарыағаш қаласының «Жібек Жолы» БӨП арқылы келіп, Атырау қаласына жұмысқа бара жатқан.

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қалыптасқан жағдай алаңдаушылық туғызады және жолдарда жарақаттануды тудыратын себептерді жою үшін ең батыл шараларды қабылдауды талап етеді. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілерді жолдарда аса мұқият болуға, күрделі жол жағдайларында басып озу маневрлерін, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығуды қоспағанда, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық беру керек.

Жолдардағы қауіпсіздік әрбір жол жүрісіне қатысушының жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты екенін есте сақтау қажет.