$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 13:52
Оқиғалар

Түркістан облысында шетелдіктерге медициналық құжаттар сатқан үш адам ұсталды

Шақыру-анықтамаларын қолдан жасап, оны 3-8 мың теңгеге сатқан

ІІМ әскери-тергеу басқармасы медициналық құжаттарды қолдан жасаумен және сатумен айналысқан үш адамды анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі апталық брифинг ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Медициналық құжаттарды қолдан жасаумен және сатумен айналысқан үш адамның қатарында Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесі де бар. Ол пандемия жағдайында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беретін медициналық құжаттарды қолдан жасап, сатқан.

«Шақыру-анықтамаларын қолдан жасап, 3-8 мың теңгеге сатқан. Бұл жалған құжат азаматқа медициналық мекеменің шақыруы бойынша мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік берген», - дейді ІІМ өкілі.

ІІМ өкілінің айтуынша, күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тінту барысында сатуға дайындалған, алдын ала мөр басылған 1 266 медициналық бланк алынды.

Осы жағдайға қатысты Қылмыстық кодексінің 385-бабы (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары