$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 18:05
Оқиғалар

Ақмолалық әйел 1,5 айлық сәбиін сатып жіберген

Қылмысқа балалар үйінің де қатысы болуы мүмкін

Ақмолалық әйел 1,5 айлық сәбиін сатып жіберген

Ақмола облысының полицейлері 1,5 айлық сәбиін сатып жіберген келіншекті ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

23 шілде күні Криминалды полиция басқармасының мамандары баланы сату фактісін анықтаған. Полицейлерге ерлі-зайыптылардың отбасында 1,5 айлық қыз баланың пайда болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Белгілі болғандай, адам сату фактісі Ақмола облысының аумағында болған. Қыздың анасы бұрын алаяқтық қылмысы үшін сотталған екен.

Тергеу барысында күдікті келіншектің кішкентай қызды 1 млн теңгеге сатқаны анықталды. Қазіргі таңда полицейлер аталған қылмысқа облыстағы балалар үйінің қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Бала сатқан ананың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Оның қылмысы дәлелденсе 7 жылдан 9 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары