$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 21:17
Оқиғалар

Арыстағы жарылысқа кінәлілерге сот үкімі шықты

16 адамның 12-і он жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Арыстағы оқ қоймадан шыққан жарылысқа байланысты айыпталғандардың ісіне нүкте қойылды. Сот ісінде 16 адамға үкім оқылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Олардың 12-іне 4 пен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, төртеуі 7 жылға дейін шартты түрде сотталды. Темір торға тоғытылғандардың бірі үкіммен келіспеді. Қалғандары пікір білдіруден бас тартқан.

Алайда сот отырысында жәбірленушілердің базынасы назардан тыс қалды. Олар өтемақы төленбегенін айтып наразы. Бұған дейінгі жабық сот отырысында 1500 адам жәбірленуші деп танылған болатын. Солардың бірі – Рахимовтар отбасы. Түрлі дене жарақатын алып, жапа шеккен бүтін бір жанұяның мүшелері әлі күнге дейін мүгедектігін ала алмай сандалып жүр. Соттың соңғы отырысында да бұл тақырып жабулы күйінде қалды.

«Баламның аяғында еті жоқ. Түнде ұйықтай алмайды. Ауырады дейді. Балтырының еті жоқ, жұлынып кеткен. Келіншегім де сырқат әлі күнге дейін. Ол кісінің сегіз жеріне тиіп, ауырады дейді. Күнде массаж алады. Осы уақытқа дейін осы сот бітеді-бітеді деп қалада пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Өзіміздің қалтамыздан төлеп, дәрі-дәрімегімізді алып жатырмыз. Қаншама шығынға түстік», - дейді Арыс қаласының тұрғыны Нұрлан Рахимов.

Серіктес жаңалықтары