15.07.2021, 13:22
Оқиғалар
ШҚО-да бір тәулікте өрттен 5 адам қайтыс болды
Қайғылы жағдайлардың барлығы отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болған
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстанда отты ұқыпсыз пайдалану салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Semey News.
Өскемен қаласында «Металлург-2» саяжай қоғамындағы тұрғын үйде өрт сөндірушілермен 30 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. 1960 жылғы ер адам қайтыс болды.
Серебрянск қаласында жер үй өртеніп, 130 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. 1985 жылғы ер адам қайтыс болды.
Риддер қаласында 145 шаршы метр аумаққа тараған өрттен 1934 жылғы әйел адам және 1959 жылғы және 1994 жылғы екі ер адам көз жұмды.
Төтенше жағдайлар қызметі отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Көп оқылған
21.02.2026, 18:04
Елімізде 22 ақпан күні ауа райы қандай болады
21.02.2026, 06:15
Боран, көктайғақ, екпінді жел: 21 ақпанда елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
21.02.2026, 11:36
Балаларға арналған түзету орталықтарына жаңа талап енгізіледі
21.02.2026, 16:34
Халықаралық S&P агенттігі Қазақстанның несие рейтингін растады
21.02.2026, 17:56
Динара Зәкиева: Бала тәрбиесі — ата-ананың басты құқығы мен міндеті