ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда мопед мінген жігітті КамАЗ қағып кетті

Мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда КамАЗ мопед айдаған адамды қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 14 шілде күні сағат 17:00 шамасында Алатау ауданында болған.  

60 жастағы КамАЗ көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, сол бағытта жүріп келе жатқан мопедпен соқтығысты.  

«Апат салдарынан мопед жүргізушісі А. есімді азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - дейді Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов. 

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Тергеу басталды.