ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Ақтөбеде адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Ол жаяу жүргінші жарақат алмады деп ойлап, кетіп қалған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

11 шілде күні «Toyota Camry 50» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «Дина» супермаркетінің көлік тұрағынан шығып келе жатып, көлік тұрағында тұрған 24 жастағы жігітті қағып кеткен. Жол апатынан кейін көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

«Полиция департаментінің ЖПҚБ іздестіру бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін жүргізді. Аталған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, іздестіру шараларының нәтижесінде 52 жастағы автокөлік жүргізушісін анықтап, ұстады. Жүргізуші өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, көлік тұрағынан шыққан кезде ол жаяу жүргіншіні байқамай қалған, нәтижесінде аяқ жақ бөлігін басып кеткен», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Кейін жаяу жүргінші жарақат алмады деп ойлап, кетіп қалған.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.