13.07.2021, 03:22
Оқиғалар
Ақмолада медқызметкер жалған вакцинация паспортын берді деген күдікке ілінді
Іс бойынша қажетті тергеу және іс жүргізу әрекеттері жүргізілуде
Ақмола облысында медицина қызметкері вакцинация туралы паспорттарды жалған толтыруға қатыстылығы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, маусым айында полиция құрылымдарының біріне медициналық мекеме басшысының осы мекеменің медицина қызметкері «Вакцинация» ақпараттық жүйесіне вакцинациядан өткені туралы жалған мәліметтер енгізгені туралы ақпарат келіп түскен.
«Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы (ресми құжаттарды қолдан жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.
Іс бойынша қажетті тергеу және іс жүргізу әрекеттері жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды