19.12.2019, 22:23
Оқиғалар
Павлодарда зейнеткер лифт шахтасына құлап қайтыс болды
Дәрігерлер лифт шахтасынан өлі денені алып шықты
Павлодарда 64 жастағы азамат лифттің шахтасына құлап қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көпқабатты үйдің тұрғындары қайтыс болған азаматтың бұл үйде тұрмағанын айтады. Зейнеткер бесінші қабат пен алтыншы қабаттың ортасында лифтте тұрып қалған. Әлдебіреу оған көмектеспек болғанда, жедел саты шахтаға құлдырай жөнеліп, бар екпінімен жерге соғылыпты.
Өкінішке қарай, дәрігерлер лифтте қалған азаматты құтқара алмады. Құтқарушылар оның өлі денесін шығарды.
Қазір оқиға орнында құзырлы орган қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғаның мән-жайы тек содан кейін анықталады.
Дереккөз: КТК арнасы
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
