Жаңа жылға дайындық: елордалық құтқарушылар арнайы рейдтер жүргізбек
Жергілікті құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге сатылымдағы пиротехникалық өнімдердің сапасы мен талапқа сәйкестігін тексермек
Елордадағы пәтерлердің бірінде болған оқиға төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерін тік тұрғызып, қазірден бастап алдын алу шараларын ұйымдастыруға түрткі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Яғни, жергілікті құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге арнайы рейдтер жүргізеді. Әсіресе, сатылымдағы пиротехникалық өнімдердің сапасы мен талапқа сәйкестігі тексерілмек. Егер заң бұзылған жағдайлар кездесіп жатса, тауар толық тәркіленіп, иесіне 45 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
«Бүкіл азаматтарды арнайы белгіленген жерлерде рұқсаты бар адамдардан сатып алуын сұраймыз. Сертификатталған заттарды ал деуіміздің себебі, ол бұйымдардың барлығы тексерістен өткен және қалай қолдану керектігі жазылған», - деді әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Бағлан Қазбеков.