$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2021, 16:51
Оқиғалар

Қарағандыда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

27 жастағы қыз алкогольдік мас күйде болған

Қарағанды полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

9 шілде күні Қарағанды облысы ПД Патрульдік полиция батальонының экипажы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда әдеттегідей патрульдеу жұмыстарын жүргізді. 

Шығыс айналма жолындағы Заречный кенті аумағында полиция қызметкерлері жол жиегінде тұрған бір адамды көреді. Жақындаған кезде олар көпірдің қоршауының артында тұрған қызды көріп, көмекке ұмтылды. Қолында сыра бөтелкесі бар 27 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің кетуін талап етіп, айғайға басып, көпірден секіруге әрекет жасаған. Полиция қызметкерлерінің бірі қызды сөзге тартып, алдаусыратып жатқанда, екіншісі айналып өтіп, қызды құтқаруға жақындай түседі.

"Қыз алкогольдік мас күйде болғандықтан, сөзге тартып, әңгімелесу қиынға соқты. Біз оны сөйлесуге мәжбүрлеп, оны қоршаудан алшақтатуға тырыстық. Өлімге бас тіккен қызды соңғы секіру сәтінде қолынан ұстап, жолдың бойына шығарып алдық", – деді полиция капитаны Жұмақас Нұржан. 

Құтқарылған қыз медицина қызметкерлеріне тапсырылды. 

Серіктес жаңалықтары