$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2021, 16:31
Оқиғалар

Алматыда көлігімен бойжеткенді қағып өлтірген жүргізуші небәрі 1,5 жылға сотталды

Жүргізуші көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырған

Алматыда көлігімен бойжеткенді қағып өлтірген жүргізуші небәрі 1,5 жылға сотталды

Алматыда 20 жастағы қызды қағып кеткен Volkswagen жүргізушісі сотталды деп жазады Polisia.kz. Бойжеткен ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған.

Оқиға биыл қаңтар айының соңында АЛматыдағы Өтепов көшесінде болған еді.

«М.А.Голотовский есімді азамат сағат 21.00 шамасында Volkswagen Polo автокөлігін басқарып, Өтепова көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатқан. Жол қозғалысы ережесінің 10.1-тармағының талаптарын бұза отырып, ол көлік құралының қозғалысын үнемі бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қауіпсіз жылдамдықты ескермей жүргіншілер бөлігін оңтүстік бағытта кесіп өткен жаяу жүргінші – 2000 жылы туған С. есімді қызды қағып кетті. Соның салдарынан дене жарақатын алған бойжеткен Орталық қалалық клиникалық ауруханада қайтыс болды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сот М.А.Голотовскийді Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бір жыл алты ай бас бостандығынан айыру және көлік құралдарын басқару құқығынан бес жылға айыру бес жазасы тағайындалды. Жазаның мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Серіктес жаңалықтары