$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2021, 18:11
Оқиғалар

Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан ер адам ұсталды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде

Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан ер адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысының полициясы өзгенің денсаулығына қасақана ауырылығы орташа зиян келтірген күдіктіні ұстады. 

2021 жылдың 9 шілдесінде Кеген АПБ кезекші бөліміне пышақ дене жарақатымен Кеген аудандық ауруханасына 27 жастағы Жылысай ауылының тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. 

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны - 1989 жылғы ер адамды ұстады. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оқиғаның бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан орын алғандығы белгілі болды. Орын алған деректің басқа жайттары ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды. 

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Серіктес жаңалықтары