$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2021, 18:34
Оқиғалар

Өткен аптада Қазақстанда 8 бала суға батып, көз жұмды

Суға батқандардың ең көбі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді

Өткен аптада Қазақстанда 8 бала суға батып, көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың  5-11 шілде аралығында еліміздің су айдындарында 47 адам, оның ішінде 8 бала суға батып, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Суға батқандардың ең көп саны Алматы (8), Шығыс Қазақстан (8), Ақмола (5) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (5) тіркелді.

Ал балалардың суға батып, қайтыс болған қайғылы оқиғалар Алматы (3), Түркістан (2), Ақмола (1), Солтүстік Қазақстан облыстарында (1) және Нұр-Сұлтан қаласында (1) орын алды.

ТЖМ азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады және бірінші кезекте:

  •  суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;
  •  қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
  •  тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;
  •  жүзудің шекарасын белгілейтін аумақтан тыс жүзу;
  •  жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
  •  балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге тыйым салынады.

Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары