ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезе мен балконнан құлап кетті

Полицейлер балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жыл басынан бері сегіз бала терезе мен балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жамбыл облысында ата-аналардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан 2-ден 12 жасқа дейінгі балалардың абайсызда құлап кету деректері тіркелген. 

"Ешқашан терезелердегі москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған. Мүмкіндігінше терезелерге металл торларды және терезе тұтқаларына блокаторларды орнатыңыз. Пәтерлер мен үйлерді желдету үшін нәрестенің жетуі қиын болатын терезе көздерін ашыңыз және терезенің алдына әр түрлі жиһазды қалдырмаңыз. Кәмелетке толмағандарға ұзақ уақыт қараусыз балконда уақыт өткізуге және ойнауға, оның ішінде фото жасауға және бейнероликтер түсіруге жол бермеңіз", – деді тәртіп сақшылары.