$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2021, 10:35
Оқиғалар

Алматыда квадроциклдегі балаларды қағып кеткен жүргізуші сотталды

Жол-көлік оқиғасы өткен жылдың шілдесінде болған

Алматыда квадроциклдегі балаларды қағып кеткен жүргізуші сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда квадроциклдегі балаларды қағып кеткен жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, бұл жол-көлік оқиғасы 2020 жылы 25 шілдеде Алатау ықшамауданында болды.  

"Жүргізуші А.А.Арыстанов, Toyota Camry көлікті басқара отырып, “Алматы-Көкпек-Көктал-Алатау” тас жолы бойымен батыс бағытта жүріп келе жатты. Шамамен 20 сағат 55 минутта А.А.Арыстанов жол қозғалысы Ережесінің 10.1 тармағының талаптарын бұза отырып, қозғалыс қарқындылығын жол және метеорологиялық жағдайларды, атап айтқанда, жүру бағытында көрінуді ескермей, қозғалыс жылдамдығын таңдамай, жол ережесін сақтау мақсатында көлік құралының қозғалысын үнемі қадағалап отырмай, жол учаскесінде – «Алатау» шағынауданынан батысқа қарай 134 метрде, ЖҚЕ 8.1, 11.1 тармақтарының талаптарын ескермей, қауіпті маневр жасаған кезде, қарама-қарсы жолақтың бос екендігіне көз жеткізбей және осы маневр арқылы басқа жол қозғалысы қатысушыларына ешқандай кедергі жасамайтынына сенімді болмастан, қарсы жолақта келе жатқан төрт дөңгелекті квадроциклмен соқтығысты. Оны өз жолымен шығысқа қарай бет алған 16 жасар жасөспірім басқарды. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан мото құралының жүргізушісі медициналық мекемеде алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оның жолаушысы төрт жасар қыз ауыр жарақат алды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Серіктес жаңалықтары