$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2019, 16:39
Оқиғалар

Ойын бизнесіне «тосқауыл»: кезек Finbet-ке келді

Заңсыз ойыннан Finbet қожайындары жыл сайын 3 млрд теңге пайда тауып отырған

Еліміздің 8 өңірінде Finbet букмекерлік кеңселеріне тексеру жүргізілді деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне қарасты экономикалық тергеу қызметі Finbet букмекерлік кеңселеріне шұғыл іздеу шараларын жүргізу нәтижесінде, компанияның заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталған компанияның қызметкерлері букмекерлік қызметтен бөлек Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Заңсыз ұтыс ойындары Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында барлығы 43 кеңседе жүргізілген», - делінген аталған хабарламада.

Рейдтік тексерулер 18 желтоқсан күні болған. Құқық қорғаушылар сот санкциясымен еліміздің 8 өңірінде арнайы операция ұйымдастырып, Finbet букмекерлік кеңселерінде тінту жұмыстарын жүргізді.

«Заңсыз ойыннан жыл сайын түсетін қаржы айналымы 3 млрд теңгеге дейін жеткен. Мұны ұйымдастырған адамдар қазір ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Еске салайық, 12 желтоқсанда Алматы соты «Олимп» букмекерлік клубының жұмысын да жарты жылға тоқтатты. 

Серіктес жаңалықтары