$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2021, 16:58
Оқиғалар

Алматыда заңсыз митинг ұйымдастырғандар қамауға алынды

Олар кеше, 6 шілде күні митингке шыққан

Алматыда заңсыз митинг ұйымдастырғандар қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда митинг ұйымдастырғандар қамауға алынды. Олар 6 шілде күні бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, рұқсат етілмеген митингке шыққан.

Жиналғандар шеруді мегафон және басқа да заттармен өткізуге тырысқан. Олардың әрекетіне  полиция қызметкерлері тосқауыл қойды. Шеруге шыққандар полиция қызметкерлеріне бағынбай, оларға түрлі заттар лақтырып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Осыған байланысты полиция қызметкерлері ішкі істер органдарына 3 тәртіп бұзушыны жеткізуге мәжбүр болды. Олардың екеуі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны және заңды талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Тағы біреуі денсаулығына байланысты жауапкершіліктен босатылды», - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Серіктес жаңалықтары