Павлодар облысында өткен демалыс күндері жеті адам суға кетті

Полиция тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуға кеңес береді

Павлодар облысында өткен демалыс күндері жеті адам суға кетті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында өткен демалыс күндері жеті адам суға кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың  3-7 шілде аралығында облыс бойынша суда жеті жазатайым оқиға тіркелген.

4 шілде күні сағат 14.00-де жылы арнада суға шомылу кезінде 70 жастағы зейнеткер суға батып кеткен. Сол күні сағат 17.40-та Белая өзенінде суға шомылу кезінде Ақсу қаласының 38 жастағы тұрғыны, Баянауыл ауданындағы Торайғыр көлінде Екібастұз қаласының 24 жастағы тұрғыны суға батып кетті. Барлық жағдайларда куәгерлер бар.    

«Ыстық күндері облыс тұрғындары демалыстарын су қоймаларының жанында, көлдер мен Ертіс өзенінің жағасында өткізді. Демалушылар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, шомылуға рұқсат етілген және арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылу керек екенін есте ұстауы қажет. Мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынады», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин. 

Полиция тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуға, бейтаныс жерлерде суға түспеуге кеңес береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.