$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2021, 09:01
Оқиғалар

CҚО-да мотоциклдің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қайтыс болды

Биыл облыста жаз басталғалы мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген

CҚО-да мотоциклдің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қайтыс болды

CҚО-да мотоциклдің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жаз басталғалы мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соның бірі 29 маусым күні Петропавлда болды. Сәтпаев көшесінде мотоциклші бір бағытта келе жатқан Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында жұмыс істеген патрульді полиция батальоны қызметкерлері жинаған материалға сәйкес, 23 жастағы мотоцикл жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, көлікке тым жақын келген.

Салдарынан жігіт және оның 27 жастағы жолаушысы – бойжеткен жарақаттанды. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Мотоциклшінің көлікті басқаруға құқығы болмаған.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолда қырағылық танытып, ерекше сақ болуға шақырамыз. Мотоцикл жүргізушілері де, олардың жолаушылары да мотошлем киюі қажет. Жол қозғалысы ережесінде мотоциклшілерге қатысты бірнеше талап бар. 12 жастан төмен балаларды бұл көліктің артқы орындығында тасымалдауға болмайды. Мас жолаушыны да отырғызуға тыйым салынған», - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы жаз басталғалы CҚО-да мотоциклшілердің қатысуымен болған үш жол-көлік оқиғасында бір адам қаза тапты, үшеуі жарақаттанды.

Серіктес жаңалықтары