02.07.2021, 10:12
Оқиғалар
«Қызыл диплом алып беремін»: Шымкент тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды
Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкент тұрғынын «қызыл диплом алып беремін» деп алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 30 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу «қызыл диплом алып беремін» деп 50 000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін өз уәдесін орындамай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді