$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 21:48
Оқиғалар

Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Полицейлер бұрын сотты болмаған 21 жастағы күдіктіні қолға түсірген

Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер бұрын сотты болмаған 21 жастағы күдіктіні қамауға алған. Оны Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы іздеген болатын. Тәртіп сақшылары күдіктінің 6 күн бойы қайда жасырынғанын, кім екенін әзірше айтпай отыр. Қазір оған қатысты кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін екі бап бойынша іс қозғалды. Яғни, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі («Зорлау, көрінеу жас балаға қатысты жасалған») және 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша жүріп жатыр. Осы баптар бойынша күдікті 17-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. 

«Ақтөбе облысының полицейлері 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған қыз балаға жасалған ауыр қылмыстың бетін ашты. Осы іске арнайы жедел-тергеу тобы жұмылды, оны ІІМ криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары басқарды», - делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін, Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлады деген күдіктінің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Ол бүлдіршінді мектептен бастап аңдып, үйіне дейін келген. Үйде жалғыз болған оушыдан алғашқыда есік қағып телефонын қуаттап алуға пәтерге кіргізуін сұрапты. Қыз есікті ашпаған соң, екінші қайтара келіп, дәретханаға жіберуін өтінген көрінеді. Одан соң қызды буындырып, ойына келгенін істеген. Оқушыны қансырап, есінен танып жатқан күйде түскі асқа келген әкесі тауып алған.   

Серіктес жаңалықтары