Педофилдің тағы бір құрбаны: Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлап кетті
Қызды әкесі үйдің кіре берісінде шешінген күйі құлап жатқан жерінен тауып алған
Ақтөбеде бейсенбі күні кешке 9 жасар қызға педофил тиісті деген хабарламада тарады, деп жазады City04.kz.
«2019 жылы 12 желтоқсанда сағат 13:38 шамасында Ақтөбе қаласының №3 полиция кезекші бөліміне 2010 жылы туылған кәмелетке толмаған қызды зорлау туралы шағым түсті. Бұл факт Ақтөбе қаласында 8 наурыз көшесінде Ақтөбе станциясындағы желілілік полиция бөлімшесі ғимаратына қарама-қарсы орналасқан үйде орын алды.
Сағат 13:15 шамасында әкесі қызын үйдің кіре берісінде шешінген күйі құлап жатқан жерінен тауып алған. Әкесі сұр күртеше киген, басына тақияға ұқсас бас киімі бар, 35-40 жас аралығындағы еркектен күдіктенеді. Өйткені ол үйіне келе жатқанда сол уақытта өзі тұратын пәтердің астыңғы есігін қағып тұрған», - делінген желіде тараған хабарламада.
Оқиға орнына Ақтөбе қаласының Алматы ауданының прокуроры және қала прокурорының орынбасарлары келді.
Аталған факт Ақтөбе қаласы Алматы аудандық №3 кезекші полиция бөлімінде тіркеуге алынып, қылмысты қай деңгейде тергеуді бастау мәселесі шешіліп жатыр.
Полиция бұл жайтқа қатысты толық ақпаратты 13 желтоқсанда береміз деді. Ал бұл кезде желідегі парақшаларда сұр күртешедегі күдіктінің видеосы тарап үлгерген.