Алматыда мас жүргізуші адам қағып өлтірді
1988 жылғы күдікті қамауға алынды
Алматыда Саин көшесінің бойында тұрған ер адамды автокөлік қағып өлтірді деп хабарлайды СТВ телеарнасы. Көлік жүргізушісі алкогольдік ішімдік ішіп алған.
Оқиға 11 желтоқсанға қараған түні Торайғыров көшесімен қиылысқа жақын маңда болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, 1988 жылғы күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалыпты. Істі Тергеу басқармасы қарап жатыр.
«Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторында қамауда. Сот оны қамауға алуға санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп жазды Tengrinews.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғаны, Honda автокөлігі Саин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Белгісіз себептермен оның жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған адамды қағып кетеді. Мұнан кейін автокөлік аударылған. Ал, зардап шеккен ер адам оқиға орнында қайтыс болды.