$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2019, 05:10
Оқиғалар

Халыққа қызмет көрсету орталығына барған қазақстандық өзінің өлілер тізімінде тұрғанын білген

Дәл осындай жағдай Маңғыстау облысында да болған. Жаңаөзен қаласының тұрғыны 2002 жылдан бері өлілер қатарына жатқызылған. Әйел Бұл туралы 2016 жылы ғана білген

Халыққа қызмет көрсету орталығына барған қазақстандық өзінің өлілер тізімінде тұрғанын білген
Фото: ашық дереккөзден

Халыққа қызмет көрсету орталығына барған қазақстандық өзінің өлілер тізімінде тұрғанын білген. Ол бірнеше апта бойы түрлі инстанцияларға жүгінген. Алайда, мәліметтер базасында өзін «тірілте алмай» жүр. Соның кесірінен жұмысқа да орналаса алмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өзінің құжат бойынша өлілер есебінде екенін Игорь Николаев алғаш рет 2016 жылы білген. Қажетті анықтамаларды жинап, мәліметтер базасындағы қатені түзеткен. Сөйтіп, бұл туралы ұмытып та кеткен. Алайда, жақында жұмыстан шығып, басқа қызметке орналасу үшін құжат жинап ХҚКО-ға барғанда бұрынғы жағдай қайталаныпты. Сотталмағаны жөнінде қағаз алуға барып, өзінің қайтадан өлілер тізімінде тіркелгенін білген.

«Әбден жүйкем жұқарып бітті. Үнемі осы үшін сандалып жүремін. Бірақ, бұл менің емес, солардың кінәсі ғой», – дейді ашынған Игорь Николаев.

Өзін «тірілте алмай» жүргеніне бір айға жуық уақыт өткен ол жаңа жұмыс орнына басқа біреуді алып қоя ма деп уайымдайды.

Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай Маңғыстау облысында да орын алған болатын. Жаңаөзен қаласының тұрғыны 2002 жылдан бері өлілер қатарына жатқызылған. Әйел адам өзінің өлілер тізіміне енгізілгенін 2016 жылы ғана білген. Содан бері осы тізімнен шығуға әрекет жасап жүргені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Жаңаөзен