$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 22:53
Оқиғалар

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан 9 адам жараланды

Жанжал Дахма өлкесіндегі тізімге енбей қалған жерге байланысты туындаған екен

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан 9 адам жараланды

18 желтоқсан күні қырғыз-тәжік шекарасында жанжал туындап, салдарынан Қырғызстанның 6 азаматы, Тәжікстанның 3 азаматы жараланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қырғызстандық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жанжал Дахма өлкесіндегі тізімге енбей қалған жерге байланысты туған. Екі күн бұрын Тәжікстан тарапы ол аумаққа қақпа орнатпақ болған екен. Алайда, көршілерінің бұл әрекеті қырғыздардың ашуын туғызған.

Бүгін таңертең екі елдің шекара тұсындағы Кок-Таш елдімекенінде тұратын 200-ге тарта адамның арасында жаппай қақтығыс басталған. Жұрттың ашуға булыққаны соншалық, бір-біріне тас лақтыра жөнелген. Жағдай ушыға түскен соң, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері, билік өкілдері мен құқық қорғау органдары келіссөз жүргізе бастаған. Сол кезде тәжік тарапынан оқ атылып, айыр қалпақты ағайынның бір шекарашысы жараланған. Ал тәжіктер 5 тұрғынның зардап шеккенін айтуда.

Қазір келіссөз уақытша тоқтатылып, екі елдің билігі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал әскерилер шекара аумағын қатаң бақылауда ұстап отыр.
 

Серіктес жаңалықтары