ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

БҚО-да полицейлер өртеніп жатқан көліктен 3 адамды құтқарып алды

Артынша жанып жатқан көлік жарылған

Батыс Қазақстан облысында Желаев ауылына барар жолда «Лада Калина» автокөлігі жол жиегіне аударылып қалған. Салдарынан өрт шығып, жанып жатқан көлік ішіндегі үш адамды полицейлер аман алып қалды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі БҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға болған жерден өтіп бара жатып, түтінді байқаған. Тәртіп сақшылары аударылған көлікке дереу жетіп, оның ішіндегі жүргізуші мен екі жолаушыны қауіпсіз жерге алып шықты.

«Осыдан небәрі бірнеше секунд өткен соң автокөлік жарылды. Егер полиция қызметкерлері сол маңда дәл сол уақытта табылмаса оқиға соңы қайғылы жағдаймен аяқталар еді», - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға 15 маусым күні таңғы сағат 4 шамасында болған.

Тегтер: