$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2021, 17:12
Оқиғалар

Петропавлда көшеден табылған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Қазіргі уақытта бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында

Петропавлда көшеден табылған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Петропавлдың Жұмысшы кентінде көше кезіп жүрген бала табылды. Шамамен екі жаста. Қазір сәбидің ата-анасы іздестірілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балақайды кеше кешкі сегіз шамысанда тұрғындар тауып алып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тапсырған.

Ювеналдық полиция мамандары балақайға киім-кешек, аяқ-киім және  басқа да керек-жарақтарын жинап берді. Қазір ол облыстық балалар  ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде. 

«Баланың туыстары жайлы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 39-48-65 нөміріне немесе «102» арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Оның ата-анасына тәрбие, білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны, өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Олар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін», - дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.

Серіктес жаңалықтары