$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2021, 16:44
Оқиғалар

Алматы облысында 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

Зардап шеккен оқушылардың екеуі қайтыс болды

Алматы облысында 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылып, 14 наурыз күні оқушының бірі есін жимастан қайтыс болды. 5 сәуірде мас жүргізуші қаққан оқушы қыздардың екіншісі қайтыс болды.

Полиция өкілдері көлікті басқарған Корам ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстаған. Сондай-ақ оның көлікті мас күйде жүргізгенін анықтаған.

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданындық сотында Қорам ауылының тұрғыны А. Демесіновке қатыс үкім оқылып, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиға ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алғанын хабарлады. Айтуынша, Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетілетіні айтылды.

Серіктес жаңалықтары