$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2021, 15:36
Оқиғалар

Павлодарлық дәрігерлер салмағы 850 грамм болып туған сәбидің жанарын сақтап қалды

Нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты

Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы базасындағы перинаталдық орталықта бірегей операция жасалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«ӘМСҚ»  КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мәліметінше, қазір бала жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне орналастырылған. Жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтуде.
"Жүктілік кезеңі ауыр өтті, токсикоз және анемия болды. Соның салдарынан баланың салмағы 850 грамм ғана шала болып туды. Кейін көздің патологиясы анықталды. Мен қатты уайымдадым, өйткені облыстан және елден тыс жерлерге шығуға мүмкіндігім болмады. Дәрігерлер маған отаны осында және толығымен тегін жасалатынын айтқанда қатты қуандым", - деді сәбидің анасы.

Екінші санатты офтальмолог дәрігер Сәуле Ғабдулғазизованың айтуынша, босанатын әйелдің жүктілігі идиопатиялық-апластикалық анемия аясында өткен. Сондықтан бала 28 аптада салмағы 850 грамм болып туған.

Дүниеге келгеннен кейінгі төртінші аптасында баланы офтальмолог тексергенде шала туған нәрестелердің ретинопатиясы анықталып, үш апта бойы скрининг жүргізілген.  

Статистикаға сәйкес, бүкіл әлемде ретинопатия ерте жастағы балалардағы соқырлық пен көру қабілетінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Ретинопатия (РН) — көздің ауыр ауруы, көбінесе шала туған нәрестелерде дамиды.

"Ретинопатияның пайда болуына әсер ететін бірнеше факторлар бар. Оның ішінде мерзімінен бұрын босану (26-28 апта), шала туған нәрестелердің дене салмағының аздығы (1,4 кг және одан аз), туғаннан кейін үш күннен астам өкпені жасанды желдету, 1 айдан астам оттегі терапиясы, тыныс алу, қан айналымы және жүйке жүйесінің өзгеруі, босанғаннан кейін баланың тұрақсыз жағдайы, ауыр инфекциялар бар. Офтальмологиялық скрининг немесе декреттелген мерзімде ауруды анықтау РП-ны уақтылы диагностикалаудың жалғыз әдісі болып табылады", - дейді Сәуле Ғабдулғазизова.

2021 жылдың 5 айында қауіп тобындағы 254 бала тексеріліп, 15 балада ретинопатия диагнозы анықталған. Оның ішінде МӘМС шеңберінде 10  сәбиге ота жасалған.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі бұл операцияларды біздің офтальмологтар тегін жасайды, жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына облыс пен елден тыс жерлерге барудың қажеті жоқ. Ата-аналар мұндай операцияларды ақылы негізде жасату үшін 385 мың теңгеден астам сомаға шығындалуға тура келетін еді", - дейді «ӘМСҚ» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қасымов.

Серіктес жаңалықтары