«Күн 8 градусқа дейін суытады»: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады
Еліміздің кейбір өңірінде қар аралас жаңбыр жауады
Синоптиктер алдағы демалыс күндері еліміздің аумағында қар аралас жаңбыр жауатынын ескертті. «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі 2025 жылғы 25–27 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Метеорологтардың мәліметінше, бірнеше күн бойы сақталған ашық әрі құрғақ ауа райынан кейін демалыс күндері Қазақстан аумағына атмосфералық фронттар келеді. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, түнде жаңбырдың арты қарға ұласады. Сонымен қатар жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
«Күн айтарлықтай суыта қоймайды: тек елдің солтүстігінде ауа температурасы қысқа мерзімге төмендеп, түнде –3...–8 градус аяз, ал күндіз +3...+8 градус жылы болады», – деп хабарлайды «Қазгидромет»