Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Елордада дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам өзіне пышақ сұғып алды

Ол сатушы қызды кепілге алған

Астанадағы азық-түлік дүкендеріне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлер келгенде ол өзіне пышақ ұрған. Болған жайт бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

«15 маусымда таңғы сағат жетілер шамасындаГоголь көшесіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкенге ер адам басып кірген. 28 жастағы сатушыны пышақпен қорқытып, оны далаға алып шыққан. Дүкенде қалған екінші сатушыдан ол есіктің кілтін алып, іштен құлыптап алды. Сол кезде 26 жастағы қыз дабыл қоңырауын басып үлгерген», - делінген аталған хабарламада.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жеткен. Күдіктінің алкогольді ішімдікке мас екені бірден анықталыпты. Ол өзін өте агрессивті ұстаған. Полицейлер қосымша есіктен кіргенде, ер адам сатушы қызға пышақ кезеп, өзіне жоламауды талап етіпті.

«Күдікті өзге жаққа алаңдап тұрғанда кепілде болған сатушы қыз қашып шыққан. Полицейлер күдіктіні ұстауға кіріскенде ол қолындағы пышағын өз кеудесіне сұғып алды», - делінген полиция таратқан хабарламада.

31 жастағы ер адамды жедел жәрдем ауруханаға алып кетіп қалды.