Итті сойып, бөлшектеп тастаған Петропавл тұрғыны ұсталды
Полиция департаменті аталған фактіні тіркеуге алды
Итті сойып, бөлшектеп тастаған Петропавл тұрғыны ұсталды. Күдіктінің әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған еді.
Әуесқой түсірілімде ер адамның терісі сыпырылған итті сүйреп жүргені және оны бөлшектеп ыдысқа салып әкетіп бара жатқаны көрініп тұр. Жанында әйел бар. Полиция департаменті аталған фактіні тіркеуге алды.
«Петропавлда ҚР ҚК 316-бабы «Жануарларға қатігездік жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері басталған сотқа дейінгі тергеу аясында тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Жедел уәкілдер 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Олардың әрекеттері видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерге орналастырылған», - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.