10.06.2021, 18:03
Оқиғалар
Ақтөбе облысында ГАЗель автокөлігі 7 жасар баланы қағып кетті
Аймақта бес ай ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 27 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облысында ГАЗель автокөлігі жеті жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 маусым күні сағат 17:50-де Қандыағаш қаласындағы Газ-332123 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі жеті жасар баланы қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасына “ЗЧМТ, СММ, сол жақтағы тәжінің жарақаттануы” диагнозымен жатқызылды.
Ақтөбе облысының аумағында 2021 жылдың бес айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 27 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға аз. Аталған ЖКО-да бір бала көз жұмып, 37 бала түрлі жарақат алды.
Көп оқылған
31.08.2026, 13:20
Әткеншекке таласып, бір-бірін ұрып жыққан: Астанада екі әйелді полиция ұстады (ВИДЕО)
31.08.2026, 18:27
Ақмола облысында ер адам қымыз ішемін деп бір жылға сотталып кетті
31.08.2026, 12:56
«Президенттің атынан өкілдік етіп, ұстанымын жеткізе алады»: Ерлан Қариннің негізгі міндеті белгілі болды
31.08.2026, 19:30
АҚШ араға бір ай салып, Иранға қайтадан соққы жасады
31.08.2026, 23:24
Астанада әйелдер балалар алаңында төбелесті: қылмыстық іс қозғалды