ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Ақтөбеде жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде болған жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғыды жол апаты 8 маусым күні сағат 16:00-де болған.

Белгілі болғандай, «ВАЗ 2110» маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында «ЗИЛ 130» маркалы жүк көлігіне жол бермеуі салдарынан, екі көлік соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен 1 жасар бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.